Қостанай қаласында «ЭКСПО – 2017» көрмесіне арналған қысқы спартакиаданың шымылдығы ашылды

Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған кезекті ХХІV қысқы спартакиадада Қостанай облысының педагогтары жоғары  спорттық көрсеткіштерімен қатар өздерінің спортқа, салауатты өмір салтына берілгенін де көрсетті. Спорттың алты түрінен өткізілген жарыстарға 250 астам білім қызметкері қатысты. Шаңғы трассалары мен «Сосновый бор» шипажайының залдары шаңғы, шахмат, дойбы, үстел теннисі, дартс және тоғыз құмалақ ойынымен әуестенетін спортшыларға берілді.
Спартакиадаға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандарынан, ЖОО мен колледждердің оқытушыларынан, мектеп педагогтарынан  және облыстық білім мекемелерінің қызметкерлерінен тұратын 53 команда қатысты.
Көктемнің екі шуақты күнінің ағымында облыстың білім қызметкерлері бір бірімен жарысып қана қоймай, бір бірімен қауышып, қарағай орманында демалып, бір марқайып қалды. Осылайша қысқы спартакиадағы қатысушылар әрбір жастағы педагогтарды салауатты өмір салтын, тән саулығын қолдауға шақырды.
Жеке орындар техникалық көрсеткіштер, ал командалық орындар алған баллдардың сомасы арқылы белгіленді.Жеңіске апаратын бірлік күшін бірінші орын алған командалар көрсетті. Олардың арасында Таран ауданы, Қостанай қаласы, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ командалары. Жеңімпаздар білім басқармасы мен кәсіподақ обкомының дипломдары және ақшалай сыйлықтарымен құрметтелді.
«Спартакиада – өзінің көріністігі арқылы спортшылар мен жанкүйерлерді біріктіретін мереке. Білім қызметкерлерінің арасында мықты спортышылар мен мықты командалар анықталғанына өте құаныштымыз. Біздің педагогтар мақтауға тұрарлық!» деді ҚИжәне ЭУ оқытушысы Чернышова Татьяна.
Өткен жарыстар туралы жалпы пікірді осы жарыстарға бір неше мәрте қатысқан, Садовая ОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, спорт ардагері, салауатты өмір салтының жанкүйері Асқаров Мұхаметқали:
«Жастарға қыстың алты айын қысқы спорт түрлерін дамыту үшін пайдалуға біз үлгі болмасақ, кім болады? Ең бастысы  осы спорт түрлерінен жаңа асуларды бағындыруға, спорттық рекордтар жасауға ықылас пен талпыныстардың бары» деді ол.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған