Қымбатты әйелдер қауымы!
Сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Осы көктемнің шуақты күнінде Сіздерге табығат бөліп берген бағасыз рөлді аса атап өтеміз.
Қазақтар «әйелдің қырық жаны бар дейді», бұл дегеніміз, Сідерде, әйелдерде қырық өмірдің күші бар. Тұрмыста да, жұмыста да осы сөзге куә болып жүрміз. Отбасы ошағының қорғаушысы, ана және жолдас бола тұра, Сіздер табысты қызмет атқарып, жаңашылдықтарға қол жеткізіп, жаңа сатылардан көрініп келесіз. Бұрындары тек ер азаматтар атқара алады деген жұмыстардың өзін Сіздер бір деңгейде атқарып келесіздер. Біздің кәсіподақтар қатарында да әйел басшылар, шынайы көшбасшылар жетерлік. Қандай жұмысты да қолға алмасаңыздар, Сіздер оны аяғына дейін тындырып, табысқа кенелудесіздер.
Қазақстан гендерлік теңдікті берік ұстанған, сондықтан да әйел адам ер азаматтармен бір деңгейде кез келген қызметті атқаруға құқылы. Дегенмен, бабалардан қалған дәстүр бойынша адамзаттың нәзік бөлігінің басты миссиясы – отбасының тірегі болу. Осы үрдістен де ойдағыдай шығып келесіздер.
Осы көктемгі мейрамда тілерім, Сіздердің әрқайсыңыз өз орныңызды табыңыз. Ал оны берік те бірлікке толы ете алатыныңызға еш күмән жоқ.
Мереке құтты болсын, Сіздерге зор денсаулық, бақыт, табыс пен ынтымақ-бірлік тілеймін!
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
Әбілғазы Құсайынов
Leave a Reply
Want to join the discussion?Feel free to contribute!