Сот залынан

Қостанай облысы Кәсіподақтар орталығының Заң клиникасының өкілдері үшінші тұлғалар ретінде еңбек дауларына байланысты азаматтық істерді қарауға  қатысады.

Соның бірі бойынша «…. колледжі» КМҚК талап қоюшысы зиянды өтеу туралы Б.А.Б.-ға талап арыз берді.

Талап қоюшы өзінің талаптарын жауапкерге берілген мүліктің жоғалуы жауапкердің немқұрайлы қарауы және сақталу шараларын қамтамасыз етпеуі салдарынан болғанын негіздейді.

Жауапкер және оның өкілі талап қоюды мойындамады. Кәсіподақ орталығының өкілі сот отырысында қызметкердің құқыққа қарсы тәртібінің болмауына, сондай-ақ жұмыс берушінің жауапкерге сеніп тапсырылған мүліктің сақталуы үшін ешқандай жағдайды қамтамасыз етпеуіне байланысты талап қоюдан бас тартуды сұрады.

Сот ҚР ЕК 120-бабы 1-тармағында көзделген қалған шарттар болмаған кезде, материалдық жауаптылық туралы шартының болуы материалдық жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылмайтынын анықтады.

Бұдан бөлек, ЕК 123-бабы 7-тармағына сәйкес жұмыскерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауаптылық туралы шарт жасалуы мүмкін жұмыскерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауаптылық туралы үлгілік шарт жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.

Алайда жұмыс берушінің мұндай актісі жоқ, осыған байланысты сот жауапкермен Материалдық жауаптылық туралы шарты заңсыз жасалған деп санайды.

Осыған орай сот «… колледжі» КМҚК-ның зиянды өтеу туралы Б.А.Б.-ға қойған талап арызынан бас тарту туралы шешім қабылдады.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *