Халық игілігіне оң қадам
Биылғы жылдың 18 мамырында алдағы референдум қарсаңында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сәуле Өмірзақова «Пригородное» орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесуде еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Мемлекеттік маңызы бар маңызды мәселелер бойынша шешімдер кең талқылау және халықты қолдау негізінде ғана қабылданатынына ерекше назар аударылды. «Конституциялық түзетулер үшін тікелей дауыс беру – Қазақстанның азаматтарын жаңа мемлекеттің құрылуына тартуға жағдай жасайды.
Мемлекет басшысының бұл ұсынысын ұжым қолдап, еліміздің болашағы әрқайсымыздың дауысымызға байланысты екендігімен келісті.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!