Референдум – жаңа мемлекетті құруға нық қадам

Биылғы жылдың 19 мамырында Б. Майлин, Қостанай және Сарыкөл аудандарының Орталық аудандық кітапханаларының еңбек ұжымдарымен кездесулер өтті. Жұмыскерлерге елдің негізгі заңына енгізілетін түзетулер туралы айтылды. Кездесу барысында ең көп жиі талқыланған сұрақтар:

—        Өлім жазасына тыйым салу;

—        Жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялау;

—        Құқық қорғау институттарын күшейту.

Кездесу қатысушылары Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылатын түзетулерді қолдады.

Референдум 5-маусымда республиканың барлық аумағында өтеді. Референдумға кәмелетке толмаған азаматтар қатыса алады.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *