«Кәсіподақ медиациясы» айдары

«Қостанай облысының кәсіподақ орталығы» АКБ Заң клиникасы филиалының «Татуласу орталығына» В. есімді азамат жеке кәсіпкер азамат М-мен еңбек дауын сотқа дейін реттеу мақсатында жүгінді.

Даудың мәні мынада: В. есімді азамат кәсіпкерге қара жұмысшы ретінде еңбек шартын жасаспай жұмысқа орналасты. Ауызша уағдаластық бойынша ай сайынғы жалақы мөлшері 200.000 мың теңге белгіленді.

Филиал маманы Дуйсемби Карабаев жеке кәсіпкермен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер нәтижесінде тараптар медиативтік шарт, содан кейін медиативтік келісім жасасты. Жүргізілген медиация рәсімінің нәтижесінде В. есімді азамат өз талаптарын 200 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін азайтты, ал жеке кәсіпкер М. В. есімді азаматқа 150 000 мың теңге төлеуге келісім берді.

Осылайша, «Қостанай облысының кәсіподақ орталығы» ҚРКФ Заң клиникасы филиалының «Татуласу орталығында» медиация тәртібімен дау (жанжал) реттелді.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *