Әйел, кәсіподақ, көктем!
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалы кәсіподақ белсенділеріне, кәсіподақтың аруларына құрмет көрсетуге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырып өткізді, Достық үйінің қонақжай залында мерекелік концерт, интерактивті ойындар, флешмоб, би, гитарамен ән айту ұйымдастырылды. Кәсіподақ ер адамдары кәсіподақ қызметінде еңбек етіп жатқан арулар үшін нағыз мерекелік кеш ұйымдастыруға тырысты.
Мерекелік іс-шара Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталарын тапсырудан басталды, облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Сәкен Балғабайұлы Көкішевтің құттықтау сөздерін арнады, содан кейін Қостанай облысының мемлекеттік қызмет істері департаментінің грамоталары табыс етілді.
Кәсіподақ белсенділеріне Қостанай облысы бойынша АКБ төрағасының орынбасары А.Т. Исмағамбетов кәсіподақтың аруларына жылы лебізін білдіріп, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Е. С. Талтыкеев салалық кәсіподақтың Қостанай облыстық филиалының кәсіподақ белсенділеріне алғыс хаттарын табыс етіп, олардың жоғары кәсібилігін, аудандық, қалалық филиалдардағы және дербес БПҰ – дағы кәсіподақ қызметін нығайту жөніндегі жұмысқа жауапкершілікпен және адалдығын атап өтті. Ауа-райына қарамастан мерекелік іс-шараға ауылдық округтердің өкілдері келгені ерекше қуантады. Концерттік бағдарламаның жүргізушісі Медет Елекеев әншілермен бірге кәсіподақ әйелдерін кеңес заманыңың, қазақ композиторларының танымал әндерін шырқады, іс-шара қатысушыларымен бірге танымал шлягерлерді орындап шықты.
Іс-шара салтанатты түрде басталып, көңілді флешмобпен аяқталды. Салалық кәсіподақтың Қостанай облыстық филиалының көңілді әйелдері шынайы эмоцияларымен, алғыс сөздерімен «8 наурыз-Аналар күні!» онлайн-конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Іс-шара көңілді өтті және «Қызмет» салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалының әйелдеріне жарқын көңіл-күй сыйлады.
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні құтты болсын, қымбатты әйелдер!
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!