ОРМАН ІСІНІҢ ШЕБЕРІ…

Таныс болыңыздар!  Орман шебері — Юрий Викторович Голиков.

1990 жылы «Арқарағай орман шаруашылығы мекемесі» КМК — ға, Владимировка орманшылығына өртке қауіпті кезеңде өрт сөндіру машинасының жүргізушісі болып жұмысқа орналасты, ал қыста ағаш кесуші болып жұмыс істеді. Ол орманды өрттен қорғап, мұнарада күзетші, содан кейін сол орманшылықта орманшы болып жұмыс істеді. Юрий Викторович өзінің жұмысы туралы: «Егер табиғатты, өз кәсібін ұнатпаса, онда адам бұл салада көп уақыт жұмыс істемейтін еді. Өйткені, ағаштар — балалар сияқты, қуанады, өседі, ауырады, тек ештеңе айта алмайды. Мен ашық айтайын, жұмыс қиын, бірақ  табиғатқа қамқорлықпен қарауға бағытталған, ал орман ісімен байланысты адамдар бірінші кезекте патриот болуы керек, өз Отаны мен оның табиғатын жақсы көруі керек».

Қазіргі уақытта Юрий Викторович орман шебері болып жұмыс істейді. Шебердің жұмысы жауапты. Өйткені, көп жағдайда жұмысшылар орманда болады, онда ұжым қызмет үшін үлкен маңызға ие, жұмыс ортасы – бұл табысты еңбектің құрамдас бөліктері.

Ұжымда Юрий Викторович лайықты құрметке ие. Қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарайды. Ұжым қызметкерлері арасында беделді, жас мамандардың өндіріске тез бейімделуіне жағдай жасайды.

Юрий Викторовичке зор денсаулық, еңбекте табыс, орман саласының игілігі үшін жемісті жұмыс тілейміз.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *