«АДАЛ АДАМ — АДАЛ ЕҢБЕК» Өмірлік ұстанымы.

 

Сейлханова Жанар Жолмағамбетқызы Краснопреснен ЖОББМ-да  жұмыс істейді. 1980 жылы Краснопреснен мектебін бітіргеннен кейін Қостанай педагогикалық институтына оқуға түсіп, оны бітіріп, туған мектебіне оралды. Жанар Жолмағамбетқызының еңбек кітапшасында бір ғана жазба бар – «1985 жылы 15 тамызда математика пәнінің мұғалімі болып Краснопреснен орта мектебіне қабылданды». Мен Жанар Жолмағамбетқызы оқушының пікірін құрметтейтін мұғалім деп айтқым келеді, ол тыңдай да,  ести алады, өзін-өзі ұстай алады.

Жанар Жолмағамбетқызы өте ашық және шынайы адам, ол кейде қатал. Өз ісінің кәсіби маманы, оқушылардың жүрегінде білім алауын  жаға білген, қабілетті талантты мұғалім. Оның түлектері әр түрлі салада жұмыс істейді және әлі күнге дейін мұғалімімен және тәлімгерімен жылы қарым-қатынаста.

Мектепте сабақ беру оңай емес. Бірақ Жанар Жолмағамбетқызы өзінің өмір жолын таңдауда ешқашан күмәнданбаған. Жанар Жолмағамбетқызының өмірлік ұстанымы: «Әр баланың жеке басына деген терең құрмет, жанашырлықпен және қамқорлықпен қарау жұмыстың басты қағидаттары.»

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *