Қостанайда «2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы» талқыланды
Іс-шараға өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қатысты. Еңбек министрлігінің басшысы, ең алдымен, екі күн ішінде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қоныстандыру пункттеріне барып, Қостанай мен Рудный әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты, мүгедектермен, зейнеткерлермен, әлеуметтік саланың қамқорлығындағы адамдармен кездесті.
Осы тығыз кестеде Светлана Жақыпова «2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы: жаңа механизмдер мен құралдарды пилоттық сынақтан өткізу» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинарға қатысуға да назар аударды. Іс-шара Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) 28 сәуірде атап өтетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында өткізіледі. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты болып табылады.
Іс-шараға Қостанай облысының салалық және жергілікті кәсіподақтары, бизнес өңірі, жоғары оқу орындарының өкілдері белсенді қатысты.
Светлана Жақыпованың айтуынша, Тұжырымдама тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғыртуды, кәсіптік тәуекелдерді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыруды, кәсіптік құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамытуды, еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыруды көздейді. Қазірдің өзінде кәсіпорындардың цифрлық картасы құрылды, ол 2024 жылғы 1 шілдеден бастап нақты уақыт режимінде жұмыс орындарының декларациясын және еңбек жағдайларына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторинг үшін мәліметтерді мемлекеттік еңбек инспекторларымен қатар кәсіподақтар да енгізетін болады, олар үшін кәсіпорындарды бағалау картасында жеке жұмыс орны құрылатын болады.
Барлық белгіленген бағыттарда кәсіподақ орталықтарына үлкен рөл беріледі.
Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Ирина Аронова кәсіподақтар кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек пен тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету үшін осындай диалог алаңдарына белсенді қатысатынын атап өтті.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!