КӘСІПОДАҚ КӨМЕКТЕСТІ…

Өңірдегі Кәсіподақтар кәсіподақ мүшелеріне көмек көрсетуді жалғастыруда. Мәселен, «Қорғау» Білім және ғылым қызметкерлерінің республикалық салалық кәсіподағы зардап шеккендердің атына осы мақсаттарға 3 млн.теңге бағыттады. Облыстық «Қорғау» кәсіподақ комитетінің шешімімен тағы 2 млн. теңге бөлінді. Әрбір жәбірленушіге 150 мың теңгеден жеке шотқа жолданды. «Қорғау» бастауыш кәсіподақ ұйымдары да шетте қалмады және кәсіподақ мүшелеріне 1 млн. теңге сомасында көмек көрсетті.

«Senim» Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы » Қостанай облыстық филиалы кәсіподақтың 54 мүшесіне көмек көрсетуді жоспарлап отыр, олардың әрқайсысына 50 мың теңгеден аударылады. Осы мақсаттарға барлығы 2,7 млн. теңге бөлінеді. Қазіргі уақытта зардап шеккендерден растайтын құжаттарды жинау жұмыстары жүргізілуде.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен су тасқыны салдарынан зардап шеккендер еліміздің кәсіподақ санаторийлеріне орналастырылды. «Сосновый бор» шипажайының басшылығы бұл бастаманы қолдап, су тасқынынан зардап шеккендер қатарындағы азаматтарға бір ай ішінде (8 сәуірден 10 мамырға дейін) санаторийде тұруға және сауығуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда 18 отбасынан 45 адам оңалтудан өтті.

» Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының «АКБ  төрағасы Ирина Аронова шипажайға барғандармен кездесті. Зардап шеккендер кәсіподаққа оларға қамқорлық жасағаны үшін үлкен алғыстарын білдірді. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің заңгерлері зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Әрбір жәбірленушінің назардан тыс қалмауы маңызды.

 

 

 

 

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *