ЖАҢА ҮШЖАҚТЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

 

Қостанай облысының әкімдігі, «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және Қостанай облысында кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу қауымдастығы арасында 2024-2026 жылдарға арналған өңірлік келісімге қол қойылды. Келісімге облыс әкімі Құмар Ақсақалов, аумақтық кәсіподақ орталығының төрағасы Ирина Аронова және ҚОКҚЖҚ директоры Валентина Шмонина қол қойды.

Келісімде тараптардың еңбекақы төлеуді реттеу, әлеуметтік саясат, еңбекті қорғау, еңбек нарығын дамыту, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік саласындағы негізгі міндеттемелері бекітілген.

Келісімде бекітілген нормалар қолдануға міндетті және ұжымдық шарттар жасасу кезінде, сондай-ақ барлық меншік нысанындағы ұйымдарда еңбек дауларын (жанжалдарын) шешу кезінде ескерілуге тиіс.

Келісімге қол қойылғаннан кейін әлеуметтік серіктестер комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті. Жалақы бойынша берешек, өндірістік жарақаттану, халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды іске асыру мәселелері басымдықта қалып отыр.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *