ТИМБИЛДИНГ
Біз өміріміздің көп бөлігін жұмыста өткіземіз, ұжым екінші отбасы сияқты болады, сондықтан кеңседен тыс әріптестердің өмірі мен хоббиіне қызығушылық таныту керек. Әріптестерімізге тіпті ұсақ-түйек нәрселерде де көмектесе отырып, біз өзімізді дос және көмекке келуге дайын адам ретінде көрсетеміз.
Филиалдың кәсіподақ ұйымы ұжымдағы жұмыс тиімділігін арттыру, қызметкерлер арасындағы достық қарым-қатынас және жалпы кадрлар айналымын азайту мақсатында табиғатқа саяхат, квест түрі бойынша спорттық жарыстар ұйымдастырды. 2024 жылғы 15 маусымда «Золотой фазан» қонақ үй ауласының аумағында «Тимбилдинг» өткізілді, оған «Қазпошта»АҚ КОФ-ның 225 қызметкері қатысты.
Тимбилдинг – бұл ортақ мақсаттарды көздейтін пікірлес адамдар тобы. Тимбилдинг процесінде әр қызметкер маңызды, әркім өз үлесін қосуы керек, жалпы мақсаттарға жету үшін ақылдылықпен, ептілікпен интуициямен жарқырауы керек. «Зайцев SHOW» іс-шараларын ұйымдастыру агенттігі біздің жұмысшылар үшін спорттық тимбилдинг өткізді, тіпті ыстық ауа-райы да жұмысшылардың белсенді қатысуына кедергі болмады. Әр командада 10 қатысушыдан 6 команда құрылды, оларға қалалық және аудандық байланыс тораптары, почтаны сұрыптау және тасымалдау учаскесі, автокөлік учаскесі, Қостанай қаласының №5 қалалық почта байланысы бөлімшесі, Қостанай қаласының орталық операциялық учаскесі және облыстық филиал басқармасының қызметкерлері кірді.
Іс-шара командаға сергектік пен көңілді көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, нәтижелерге қол жеткізуде өз мүмкіндіктерін көрсетуге көмектесті.
Сонымен: 1 орынды «Оңтүстік» командасы иеленді, оған Амангелді, Жангелді және Наурызым АБПТ өкілдері кірді,
2 орынды «Восток»командасы иеленді-бұл Қарасу, Әулиекөл және Қостанай АБПТ,
3 орынды «Қостанай» командасы иеленді, оған ЖБО, МӨҚБ, АТУ және ПСПП қызметкерлері қатысты.
Қалған үш команда да назардан тыс қалмады, олар ынталандыру сыйлықтарын алды.
Белсенді демалыстан кейін ашық ауада, тәтті үстел мен көңілді дискотека ұйымдастырылды. «Золотой фазан» әкімшілік атынан – «Триумф» шоу-балетінің қойылымы сыйлық ретігде ұсынылды.
Әр компания өз қызметінде сәттілік пен өркендеуге бағытталған, өйткені бұл шарттарды ұжымның үйлесімді жұмысынсыз орындау мүмкін емес.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!