Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2024 жылғы 11 шілдеде Әулиекөл және Қарасу аудандарының жұмыс берушілерімен әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелерді талқылау бойынша жұмыс тобының кезекті кездесуі өтті.
Еңбекті қорғау, еңбекақы төлеу, ұжымдық шарттар жасасу, мүгедектер үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету үшін объектілерді бейімдеу, еңбек заңнамасын түсіндіру және т. б. салалардағы өзекті мәселелер көтерілді.
Жыл басынан бері облыс аумағында еңбек жанжалдары тіркелген жоқ. Бүгінде Қостанай облысының Кәсіподақ орталығында салалық және жергілікті кәсіподақтардың 11 аумақтық құрылымы жұмыс істейді, олардың құрамында жалпы саны 80 мыңнан асатын 850 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!