ЗАҢ КЛИНИКАСЫ

ЗАҢ КЛИНИКАСЫ

Құқықтық көмек көрсету және заңгерлік кеңес алу үшін заң клиникасының филиалына Қостанай облысының кәсіпкерлік қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының мүшесі, жеке кәсіпкер К.  жүгінді.

Еңбек дауының мәні-қызметкермен еңбек шарты жасалды. Еңбекақы төлеу тәртібі шартта айқындалған.

Еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін қызметкерге 111 865 (бір жүз он бір мың сегіз жүз алпыс бес ) теңге сомасында жалақы төленді.

Жалақы бойынша есеп айырысулармен келіспей, қызметкер сотқа талап арызбен, жеке кәсіпкерден 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы жүгінді.

Дүйсемби Қарабаева-Заң клиникасы филиалының маманы, кәсіподақ мүшесі – жеке кәсіпкер ұсынған құжаттарды қарап, талапкердің талап арызын ресімдеуге және сотқа кері қайтарып алуға жәрдем көрсетті.

2 сот отырысы барысында жауапкер нақты жұмыс істеген сағаттарға сәйкес талапкерге жалақы төлегені анықталды. Жұмыс уақытын есепке алу табельдеріне сәйкес, талапкер 302 сағат жұмыс істеді және оған 111 865 ( бір жүз он бір мың сегіз жүз алпыс бес) теңге толық мөлшерде жалақы төленді.

Жауапкер тарапынан Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сот жалақы бойынша берешекті өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *