Заң клиникасы
Қызметкер заң клиникасының филиалына 185 972 (бір жүз сексен бес мың тоғыз жүз жетпіс екі) теңге мөлшерінде жалақы бойынша берешекті, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны, жалақыны кешіктіргені үшін өсімпұлды өндіріп алу бойынша сотқа талап арыз дайындауға құқықтық көмек көрсету туралы жүгінді.
Заң клиникасы филиалының маманы еңбек дауын сотқа дейін реттеу форматы бар екенін түсіндірді.
Тараптар дауды өзара талаптардың толық көлемінде немесе ішінара медиативтік келісім жасасу арқылы реттей алады.
Бірлескен келіссөздер арқылы Тараптардың медиативтік рәсімдерді жүргізу туралы өзара келісіміне қол жеткізілді.
Тараптар қызметкерге төлемдер бойынша берешек 180 (бір жүз сексен мың) теңге мөлшерінде болатынына келісті.
Осы келісім орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, келісімді бұзған медиация тарабы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.
Бұдан басқа, жәбірленуші тарап Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен зиянды өтеу мәселелері бойынша сотқа жүгінуге құқылы.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!