Демалыс күніндегі жұмыс қалай өтеледі?

Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының ҚРКФ Заң клиникасының филиалына кітапхананың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы жүгінді.

Өтініштің мәні Жұмыс берушінің актісімен демалыс күні (сенбі) жұмысқа шығу туралы шешім шығарылғандығында. Демалыс күніндегі жұмыс қалай өтеледі?

Заң клиникасының маманы демалыс және мереке күндері жұмысқа қызметкердің жазбаша келісімімен немесе оның өтініші бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде жол берілетінін түсіндірді (ҚР ЕК 85-бабының 1-тармағы).

Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысы үшін қызметкерге оның қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі немесе жұмыс берушінің еңбек немесе ұжымдық шарттарының және (немесе) актісінің талаптарына сәйкес жоғары мөлшерде, бірақ қызметкердің күндізгі (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, бір жарым мөлшерден төмен емес мөлшерде ақы төленеді. (ҚР ЕК 109-бабы).

Жұмыс берушінің демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту жөніндегі заңсыз әрекеттеріне, сондай-ақ бұл жұмысқа бір жарым көлемде ақы төлемеуіне қызметкер еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторға немесе сот тәртібімен шағым жасай алады.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *