Кеңес отырысы

 

 

«Қазақстандық салалық спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалында Салалық кәсіподақ төрайымы Иманқұлова Светлана Кеңесқызы, Салалық кәсіподақ заңгері Башарова Малина Бакеновна және филиал Кеңесінің мүшелерінің қатысуымен Кеңес отырысы өтті.

Салалық кәсіподақ төрайымы Светлана Иманқұлова Кеңес қатысушыларына Салалық кәсіподақтың жұмысы, қол қойылған Салалық келісімдер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Облыстық филиалдың өкілі Светлана Темерқанқызы Құлжанова 2024 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында атқарылған жұмыс туралы, сондай-ақ саланың проблемалары мен міндеттері туралы есеп берді. Кеңес мүшелері мен шақырылғандарға мәдениет қызметкерлері кәсіподағының есептік кезеңдегі қызметі туралы таныстырылым және тексеру комиссиясының төрайымы Болбас Татьяна Ивановна филиалдың қызметі туралы қаржылық есеп берілді.

Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі кезекті есептік-сайлау конференциясының күнін анықтау болды. VIII есептік-сайлау конференциясын 2025 жылдың сәуір-мамыр айларында өткізу туралы шешім қабылданды.

Кеңес соңында марапаттау рәсімі өтті. «Еңбек Даңқы» салалық кәсіподағының төсбелгісімен Яна Витальевна Тарнаруцкая, Салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен — Ержанова Ботагөз Серікбайқызы. Қостанай облыстық филиалының алғыс хаттарымен Алматов Азамат Мұстафаұлы, Досалина Жанар Молдашқызы, Болтач Ирина Васильевна марапатталды. Кеңес отырысынан кейін Салалық кәсіподақ заңгері Малина Бакеновна Башарованың қатысуымен дөңгелек үстел өтті, онда ол БПҰ төрағаларын еңбек және әлеуметтік кодекстегі өзгерістермен таныстырып, төрағалардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Әңгіме қызу өтті, төрағалар бір-бірімен өз тәжірибелерімен бөлісті. Дөңгелек үстелдің дәл осындай форматы қатысушыларға өте ұнады.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *