ЕҢБЕК АДАМЫ

Кітапхана – білім мен мәдениеттің көзі, оқырмандарды ақпаратпен қамтамасыз етіп, қоғамның интеллектуалдық дамуына үлес қосатын киелі орын. Кітапханашы – ақпаратты басқарушы, оқырмандарды әдебиетпен және біліммен қамтамасыз етуші, мәдениет пен білімнің дәнекері. Оның кәсіби міндеттері кітап қорын ұйымдастыру, оқырмандармен жұмыс істеп, оларға ақпараттық қызмет көрсету саласы бойынша қызмет атқаратын  Муханова Марал Мейрамбекқызы 2015 жылы жоғары білімді магистр, Челябі мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының ақпараттық кітапхана ісі мамандығы бойынша білім алған.

2010 жылдан бастап Марал Мейрамбекқызы орталық кітапхананың толықтыру және өңдеу бөлімінде кітапханашы ретінде еңбек етуде. Оның қызметтік қабілеті жоғары, білімді маман ретінде танылған. «Рабис» бағдарламасы бойынша электрондық каталогты жаңадан түскен әдебиеттермен үнемі толықтырып отырады.

Марал өзінің кәсіби міндеттерін дер кезінде әрі жауапкершілікпен атқарып, ұқыптылық пен тәртіп көрсетеді. Еңбек жолында абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз кітапханашы. Ол мектептегі түрлі іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады.

Маралдың өзіндік ерекшелігі – байсалды, ұстамды, талап қоя алатын, ісіне мұқият қызметкер. Облыстық, аймақтық газеттер мен мерзімді басылымдарға түрлі тақырыптарда мақалалар жазып отырады. Ұжым ішінде беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас кітапханашыларға көмектесіп, қолдау көрсетеді. Ол ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл және қарапайым қызметкер. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын Муханова Марал Мейрамбекқызы – қоғамға лайықты, заманауи білімді әрі білікті кітапханашы ғана емес, сонымен қатар бір баланың анасы, аяулы жар.

Кітапханашы ретінде оның тәжірибесі, іскерлігі және белсенділігі кітапхана жұмысының сапасын арттыруға септігін тигізеді. 2022 жылы Қазақстандық Кітапханалық Одақ атынан «Үздік кітапханашы» төсбелгісімен марапатталған. 2024 жылы «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қостанай облыстық филиал атынан «Алғыс хат» марапатталған. Муханова Марал – тек білікті маман ғана емес, сонымен қатар білім мен мәдениетті дамыту жолында аянбай еңбек ететін жан.

 

 

 

 

 

 

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *