ЕҢБЕК АДАМЫ

 

Кітапхана — ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуені сүріндірмей алып келе жатқан, шырағы биік біліктіліктің, парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Елімізде болып жатқан ұлы оқиғалар мен өзгерістерді кең көлемде насихаттап, білім мен мәдениет саласындағы мемлекеттік маңызы бар міндеттерді жүзеге асыруда шешуші қадамдарды ең алдымен кітапханашылар осындай біліктігі мен парасаттылығы жоғары бола алған  Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Құсайын Дәмет Есенжолқызы айтуға болады. 1988 жылдары Мемлекеттік қыздар  педагогикалық  институтының кітапханатану факультетін бітіріп, еңбек жолы мектеп кітапханасынан басталды. Жұмысқа кіріскен кезінен – ақ ізденгіштігімен ерекшеленген жас маман көп ұзамай кәсіби жағынан шындала түсті.  Өзінің біліктілігімен, шебер ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен маман.

2017 жылдан бастап Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне директоры болып тағайындалды.Тапсырылған іске деген жауапкершілік жүгі жеңіл болмасы белгілі. Сол сенімді ақтау үшін ауыл кітапханаларының  материалдық – техникалық базасын нығайтуға,  ауыл  кітапханаларына  жаңа технологияны енгізуге, халыққа кітапханалық қызмет көрсетуде аянбай еңбек етуде.

Дәмет Есенжолқызы  қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады кезінде мектеп комсомол ұйымының жетекшісі, кәсіподақ ұйымының төрайымы болды. 2015 жылдары «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ҮІ съезі делегаты және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының ХХІҮсъезі делегаты болып қатысты. «Нұр –Отан» партиясының мүшесі.

2018 жылғы 13-14 қыркүйек күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» атты кітапханашылар съезіне делегат болып қатысып «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгімен марапатталды.

Өмірде өз жүрек қалауымен тандаған мамандығы бойынша еңбек етіп, 35 жылға жуық  өлшеусіз еңбегі назардан тыс қалған жоқ.

Отбасының қамқор анасы екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған өнегелі жанұя иесі. «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгімен марапатталды.   Қостанай облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының алғыс хатымен, Қостанай облыстық әкімдігінің мәдениет басқармасының грамотасымен, қала әкімінің грамотасымен, алғыс хаттарымен, кітапхана ісін дамытуда бірнеше дипломдармен марапатталған.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *