Оқыту-Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қызметіндегі маңызды бағыт
Қызметкерлердің мүдделерін тиімді ұсынудың басты шарты кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кәсіподақ кадрларының кәсібилігі болып табылады.
2024 жылдың 22 қазанында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бейнеконференцбайланыс режимінде » Еңбек жанжалдары. Еңбек дауларын шешудің құқықтық аспектілері, кәсіподақтардың рөлі мен функциялары» тақырыбындағы семинарды ұйымдастырған.
Семинарға Қостанай және Павлодар облыстары кәсіпорындарының кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен келісім комиссияларының мүшелері, барлығы 100 адам қатысты.
Дәріскер ретінде семинарға қатысушылардың алдында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының оқыту, зерттеу және жанжалдарды шешу орталығының басшысы Лаззат Айдарханқызы Есжанова сөз сөйледі.
Семинар барысында Келісу комиссиясын қалыптастыру және оның қызметі, жеке еңбек дауларын қарау тәртібі, жүгіну мерзімдері, практикалық жағдайлардың мысалдары, келісу комиссиялары мүшелерінің еңбек дауларын басқару бөлігіндегі мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, дәріскер мен семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!