Қазақстанда «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық акциясы басталды.

 

Акцияның негізгі мақсаты-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Негізінен балалар мен әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Себептер көбінесе қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық және әлеуметтік қиындықтар болып табылады.

Бұл акция жыл бойы жүргізіліп жатқан зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын қорытындылайды.

Бүгін 27.11.2024 жылы «Арқалық қалсындағы дала өлкесі тарихының облыстық мұражайы» КММ-де «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»акциясы өтті.

Әйелдерге қатысты зорлық — зомбылықпен күресу-бұл құқық қорғау органдарының міндеті ғана емес, сонымен бірге қоғамның жалпы жауапкершілігі.

Іс-шара аясында кәсіподақ комитетінің төрағасы А. Н.Қалиева ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғауға, сондай-ақ гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ұжым назарына тақырыпта бейнероликтер ұсынылды.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *