Колледж түлектеріне көмектесу.

 

Әлеуметтік — еңбек қатынастары саласындағы арнаулы орта оқу орындары түлектерінің құқықтық сауаттылығы мен хабардар болу деңгейін арттыру және кәсіподақтардың еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен қызметкерлердің мүдделерін қорғаудағы рөлін арттыру мақсатында ҚР Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасының филиалы «Қостанай облысының колледж түлектеріне арналған құқықтық дәріс» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Мәселен, ағымдағы жылдың 12 қарашасында Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының Заң клиникасы филиалының маманы Дүйсемби Қарабаев Қостанай жоғары политехникалық колледжінің «Техник – электрик»мамандығы бойынша түлектер тобымен кездесу өткізді. Ол еңбек заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіріп, еңбек шартын жасасу тәртібі мен бұзу негіздеріне қатысты мәселелерге толығырақ тоқталды.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *