ҚОСТАНАЙ АУДАНЫНДА «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ

 

Әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Зардап шеккен 10 әйелдің тек 1-і ғана құқық қорғау органдарына көмек сұрайды.

Сондықтан, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні және «зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы аясында Қостанай ауданының кәсіподақ бөлімшелері бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлады.

 

Акцияның бірінші күні Қостанай ауданы Заречный мектеп — лицейінің шағын орталығының қызметкерлерімен, психолог-Ласица Ольга Александровна «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу»тақырыбында тренинг элементтері бар дөңгелек үстел өткізді.

 

Ал бүгін Қостанай ауданы Тобыл қаласының№ 2 ЖББМ-де мектептің кәсіподақ комитеті осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара достық атмосферада өтті, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстелдің негізгі ойы әйелдер құқығын қорғау-әділ және тең құқықты қоғамның негізі болды.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *