Құттықтаймыз!

 

Кеше Қостанай қаласының №3 мектеп-гимназиясына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Р. З. Мұхаметқали келді.

Салтанатты жағдайда ол физика пәнінің мұғалімі Жұмабеков Әміржан Зәкәріұлына «Ерен еңбегі үшін»мемлекеттік наградасын табыс етті. Марапат Қазақстан Республикасының Білім беру саласын дамытудағы жоғары жетістіктері үшін Президенттің Жарлығымен мұғалімге берілді.

Сонымен қатар, Ринат Зәкиұлы мектеп-гимназияның материалдық-техникалық базасымен танысып, жаңа модификация кабинеттерінде, соның ішінде ағымдағы жылы сатып алынған химия кабинетінде болды.

Біздің кәсіподақ Әміржан Зәкәріұлының атына көптеген құттықтауларға қосылуда! Әміржан Зәкәріұлы сіздерді шын жүректен жоғары наградамен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыс тілейміз! Сіздің жетістіктеріңіз көбейіп, отандық білім өркендесін!

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *