ЕҢБЕК АДАМЫ
Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады емес пе? Еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану.
«Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», — деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Еңбек адамдары- қоғамның дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосатын, өз ісін адал атқаратын адамдар. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады. Жетістікке жетудің сыры – қажырлы еңбек. Осындай еңбекқор адамның бірі әріптесіміз, 9 баланы дүниеге әкелген, 6 немере тәрбилеп өсіріп отырған аяулы жар,көп балалы Аяулы Ана, ардақты әже, «Алтын алқа» иегері, еңбекқор жан Хасекенова Ажар Бақытқызы. Еңбек өтілі -20 жыл. Кәсіподақ мүшесі- өтілі 12 жыл. 1973 жылы 14 қыркүйек күні Торғайда туған. Музейге қараушы қызметіне 18 жасында келіп, күні бүгінге дейін , қажырлы еңбек етуде. Ісіне адал,тиянақты, жауапкершілігі мол, еңбекқор жан. Еңбек адамы дегеніміз — өзінің адал еңбегімен жанұясын бағу, ұрпағын өсіру. Еңбек адамын Ардақтайық !
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!