ЕСЕПТІК САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

 

2025 жылғы 14 қаңтарда Қостанай қаласында «QAZAQMETAL KASIPODAGY «Қазақстандық салалық тау-кен металлургиялық кәсіптік одағы» ҚБ облыстық ұйымы филиалының 22 есептік-сайлау конференциясы өтті, оған делегаттар, әлеуметтік әріптестер және шақырылғандар қатысты.  Кәсіподақ мүшелерінің мүдделері мен құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстар және сала қызметкерлерінің жағдайын жақсарту жөніндегі алдағы міндеттер туралы Қостанай филиалының төрағасы Михаил Александрович Литошенко есептік баяндама жасады. Делегаттар тексеру және мандаттық комиссиялардың есебін тыңдап, баяндамаларды талқылауға белсенді қатысты.

Конференцияда облыстық филиал кеңесі мен тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды. Делегаттар бірауыздан жаңа мерзімге облыстық филиалдың төрағасы Михаил Александрович Литошенконы, сондай-ақ тау-кен металлургия одағы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының кезекті Съезіне делегаттарды сайлады.

Конференция жұмысына «Қостанай облысының Кәсіподақ Орталығы» аумақтық бірлестігінің төрағасы Ирина Петровна Аронова қатысып, жиналғандар алдында сөз сөйледі. Өз сөзінде ол делегаттардың назарын бірінші кезектегі жұмыс бағыттарына аударды: еңбек қауіпсіздігі, Ұжымдық шарт ұстанымдарының орындалуы, жаңа кәсіподақ ұйымдарының ашылуы, жұмысшы мамандықтар жылы.

Конференция соңында кәсіподақ белсенділері салалық кәсіподақтың құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

 

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *