Салалық кәсіподақ кеңесінің отырысы.
Астанада кәсіподақтар үйінде «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы «ҚБ кеңесінің отырысы өтті,оған Қостанай облыстық филиалының төрағасы Светлана Темеркановна Құлжанова қатысты. Облыстық филиалдардың төрағаларымен кездесуде кәсіподақты дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. Кездесу кәсіподақтың ұстанымын нығайту жолындағы маңызды қадам болды.
Кеңес отырысында басқарушы органдардың: Кеңестің, атқару комитетінің және тәртіптік комиссияның жаңа құрамы бекітілді.
Сондай-ақ, салалық кәсіподақтың VIII съезін өткізу күні анықталды.
Салалық кәсіподақ төрағасы Светлана Кеңесқызы Иманқұлова келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, жарғыны жаңартудың маңыздылығын атап өтті. Ол съезд алдындағы кеңес отырысында мұқият қаралатын құжаттың түпкілікті жобасын әзірлеуді ұсынды. Бұл ашықтықты және барлық тараптардың пікірлерін ескеруді қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, «Филиал туралы ережеге»өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!