ЕҢБЕК АДАМЫ

 

ЕҢБЕК АДАМЫ

 

Кітапханашы-ғажайып әлемге жол көрсетуші, сансыз білімнің ақылды кеңесшісі

және сақтаушысы.

Ульрих Наталья Ивановна Қостанай облысында, Меңдіқара ауданында, Боровское ауылында туып-өскен.

1983-1985 жылдары Қостанай мәдени-ағарту училищесінде кітапхана ісін бітіріп, еңбек жолын Бурабай ауылдық кітапханасында бастайды, кәсіподақ ұйымының мүшесі болып табылады.  1990 жылы аралығында №2 Бурабай орта мектебіне мектеп кітапханашысы лауазымына қабылданды, содан кейін 2014 жылдан бастап Орталық балалар кітапханасының аға абонементінің кітапханашысы болып жұмыс істеді, ал 2015 жылы орталық аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөліміне кітапханашы болып ауыстырылды, онда 2016 жылға дейін жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін  балалар модельдік кітапханасының аға абонементінің кітапханашысы болып жұмыс істейді. Еңбек өтілі мен кәсіподақ өтілі 25 жылдан асады. Кәсіподақ ұйымының мүшесі болып табылады.

Кітапхана ісінде Наталья Ивановна жаңашылдыққа бейімділік танытады, оның жауапкершілік сезімі, шығармашылық қиялы мен оптимизмі жоғары дамыған.

Көпжылдық, жемісті еңбегі үшін Наталья Ивановна бірнеше рет грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *