ЕҢБЕК АДАМЫ

Әлемдегі ең адамгершілік мамандығы – ветеринарлық дәрігер

 

Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Қарасу ауданының ветеринариялық станциясы» КМК өз қызметкерінің, маманының «Еңбек адамы» кәсібі жетістіктерімен мақтанышпен бөліседі.

Қазіргі заманғы ветеринарлар маңызды функцияны орындайды – олар жануарлардың ауруларының алдын алуға күш салады, патологияларды аңықтайды, содан кейін жояды, алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Біздің кейіпкеріміз Анна Андреевна Пономарева Қарасу ауданы Жалғысқан ауылында туып өскен. 2007 жылы мектепті бітіргеннен кейін Қостанай кәсіптік лицейі «Сәнгер — пішуші» мамандығы бойынша қызметке оқуға түсті. Колледжі бітіргеннен кейін 2010 жылы А. Байтурсыновтың Қостанай мемлекеттік университетінің әлеуметтік – техникалық колледжіне оқуға түсті. «Ветеринария» ветеринариялық фельдшер мамандығы алды. 2014 жылы «Қарасу ауданының ветеринариялық станциясына» жұмысқа қабылданды. Анна Андреевна – үлкен тәжірібесі бар ветеринарлық дәрігер. Ауылдық округында ветеринариялық дәрігер болып жұмыс істейді. Ол зейінділікпен және жануарларға шынайы қамқорлықпен ерекшеленеді. Әріптестер оны жауапкершілігі, ізгі ниеті және командада жұмыс істеу қабілеті үшін, ал жануарлар иелері кез келген жағдайда көмектесуге деген сезімталдығы мен ұмтылысы үшін бағалайды.

Сирек  демалу сәттерінде ол сүйікті хобббиімен айналысады, ол тігеді, қолөнер жасайды және отбасы үшін дәмді тағамдар дайындайды. Анна Андреевна тәжірібелі және қамқор ветеринар ғана емес, сонымен қатар керемет ана. Кәсібі қызметті отбасылық өмірмен және шығармашылықпен сәтті үйлестіреді.

 

 

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *