ЕҢБЕК АДАМЫ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы» КММ педагог-ұйымдастырушы лауазымында Тургунова Айнакүл Ирханқызы жұмыс істейді. 40 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар бас әріппен жазылған адам.
Айнакүл Ирханқызы заманауи педагогика және психология, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі, тиімді педагогикалық тәжірибе саласында ғылыми-теориялық дайындықтың жоғары деңгейіне ие, заманауи педагогикалық әдістер мен технологиялар жүйесін, өзінің кәсіби қызметін рефлексивті талдау әдістерін меңгерген.
Сабақтарда Айнакүл Ирханқызы балаларды тиімді оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасайды: мақсаты мен міндеттерін нақты ойластырады; өзара құрмет, сенім ахуалын қалыптастырады; мотивациялық қызметті жүзеге асырады. Ол балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу кезенінде оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістерін қолданады. Ол оқушылардың ата-аналарымен белсенді қарым-қатынас жасайды.
Жанашыр Айнакүл Ирханқызы клубтың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Әріптестерінің, тәрбиеленушілерінің және олардың ата-аналарының құрметіне ие.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!