ЕҢБЕК АДАМЫ

 

Зайко Ирина Григорьевна

Ирина Григорьевна «Эстрадалық цирк студиясын» биші мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде Арқалық қалалық мәдениет сарайында хореограф болып жұмыс істейді.

Ирина Григорьевна 2012 жылдан бері «Жұлдыз-ай» би ансамблінің кіші және үлкен топтарын басқарады.  Қазіргі таңда «Жұлдыз-ай» би ансамблінде 30-дан астам бала қатысады. Ирина Григорьевна жетекшілік ететін «Жұлдыз-ай» ансамблі Арқалық қаласының өнерінің дамуына орасан зор үлес қосып, қалалық, облыстық, республикалық байқауларда үнемі жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Ирина Григорьевна – жыл сайынғы репертуарында 20-дан астам хореографиялық билер мен шығармалар бар ұстаз.

Мамандықтағы 37 жыл адамның өз ісіне берілгендігінен хабар береді. Ирина Григорьевна – балаларга мейірімді тәлімгері, дана әріптес және тамаша әйел.

#Жұмысшымамандықтарыжылы

#Годрабочихпрофессий

#kasipodaqkz

#EnbekAdamy

#ЧеловекТруда

#достойныйтруд

#laiyqtyenbek

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *