Құттықтаймыз
11 сәуірде Қостанай ауданы ППТК меңгерушісі, «Қорғау» кәсіподағының мүшесі С.В. Стадниченко Қостанай облысының арнайы білім беру ұйымдары басшыларының делегациясы құрамында ҚР Білім министрі – Гани Бейсембаевпен кездесуге қатысты.
Кездесуде арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен бағыттар қаралды.
Кездесу соңында министр кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген педагогтарға ведомстволық наградалар табыс етті. Қостанай ауданы ППТК меңгерушісі-С. В. Стадниченкоға «Білім берудің құрметті қызметкері»төсбелгісі табысталды.
Әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз және оған одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!