ЕҢБЕК АДАМЫ
Еңбек адамы-елдің мақтанышы. Қоғамның түрлі салаларында еңбек етіп, осы бағытта ілгерілеуге өз үлесін қосатындардың бірі – Жармағанбетова Манар Егіншібайқызы.
Манар Егіншібайқызы 1970 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданы Мұқыр ауылында дүниеге келген. Арқалық политехникалық училищесін тігінші-оператор мамандығы бойынша бітірген, еңбек жолын қаланың үлкен тігін цехында тігінші болып бастаған, өз ісінің шебері болған.
Қазіргі уақытта Манар Егіншібайқызы қ. Әбенов атындағы мәдениет үйінде тазалаушы болып жұмыс істейді. Қоғамға өте жауапкершілікпен қарайтын адам, мәдениет үйі айна сияқты жарқырап, таза болуы керек. Ол бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі, ұжымда өзінің жанашырлығы мен мейірімді мінезі үшін және өзінің еңбек міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы үшін құрметтеледі.
Манар Егіншібайқызы отбасылық құндылықтарды жоғары бағалайды, сүйікті ана, құрметті әже. Бес баланың анасы, екі сүйікті немересінің әжесі.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жан — тәніңізге-Манар Егіншібайқызына тілектеспіз.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!