БІЗДІ ЕСТІП ЖАТЫР!
Кеше Президент «Заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Қостанай облысы кәсіподақтар орталығы Қостанай облысындағы «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ мүшелерін құттықтап, жағымды жаңалықпен бөліседі!
Енді ауылдық жерде еңбек ететін барлық қызметкерлерге ауылдық үстемеақы төленетін болады, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлеріне дала жағдайындағы тамақпен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін тапты.
✅ Орман саласы қызметкерлері үшін 25% ауылдық үстемеақы мәселесі толық шешілді!
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!