ЕҢБЕК АДАМЫ

 

 

Өз ісінің кәсіби маманы

 

Тупкало Олег Викторович – Қостанай облысы Қостанай ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің техника есебі және қаржылық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі, сондай-ақ аудандық және облыстық салалық кәсіподақтың белсенді мүшесі. Ол негізгі жұмысымен қатар қоғамдық қызметті де нәтижелі атқарып, аудандық филиалдың белсендісі ретінде танылып жүр.

Олег Викторович 1971 жылы ауыл еңбеккерлерінің отбасында дүниеге келген. 1993 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын аяқтап, жолдамамен «Қостанай» АӨК аудандық ауыл шаруашылығы басқармасына жұмысқа қабылданады. Ол ауыл шаруашылығын механикаландыру бөлімінде еңбек жолын бастап, Қостанай ауданында машиналар мен техникаларды жөндеу және пайдалану жөніндегі жетекші инженер болып жауапкершілікпен жұмыс істеді.

1996 жылдан бастап «Мемлекеттік техникалық қадағалау» инспекциясының басшысы қызметіне тағайындалады. 1999 жылы бұл қызмет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясына берілген соң, ол мемлекеттік инженер-инспектор ретінде жұмысын жалғастырды. 2013 жылы мемлекеттік техникалық инспекция жергілікті атқарушы орган қарауына берілгенде, Олег Викторович Қостанай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне қайта оралып, осы күнге дейін қызмет атқарып келеді.

Кәсіби еңбек жолында Олег Викторович Мемлекеттік ауылшаруашылық техникалық қадағалау және Мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамалық базаны қалыптастыруға белсенді атсалысты. Бұрынғы және қазіргі қолданыстағы ережелер мен стандарттарды, техникалық регламенттерді әзірлеуге теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін жұмсап, үлкен үлес қосты.

Ол алғашқылардың бірі болып бірқатар ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша жұмыс топтарына қатысты: 2005 жылы 1С және РНИОН (салық төлеушілер мен салық салу объектілерін тіркеу), 2007 жылы ЕАСУ (Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі), 2012 жылы ГРСТ (Ауылшаруашылық техникасын мемлекеттік тіркеу), 2014–2015 жылдары Е-лицензиялау жүйесі.

Олег Викторович – өз ісінің шебері, білікті де бастамашыл қызметкер. Ол жаңа, озық жүйелерді енгізуге жан-тәнімен атсалысады, жас мамандарды үйретіп, оларды еңбекке баулуға және жаңа бағыттарды меңгеруге ынталандырады. Өзінің белсенді қызметімен қатар кәсіподақ жұмысын да нәтижелі жүргізіп жүрген ол Қостанай аудандық салалық кәсіподағының ең белсенді мүшелерінің бірі.

Көпжылдық еңбегі мен кәсіподақтағы белсенді қызметі үшін бірнеше рет Қостанай ауданы әкімдерінің, мәслихатының және Қостанай облысы әкімдерінің алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған. Сондай-ақ салалық кәсіподақтың «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ведомстволық марапатына және «Қызмет» салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалының алғыс хаттарына ие болды.

 

 

 

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *