Мемлекеттік қыметкерлерді құрметтеу.
2025 жылғы 20 маусымда Қостанай облыстық филиалы «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Қызмет»» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты іс-шара өткізді.
Іс-шараға аудандық, қалалық филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділері – мемлекеттік қызметшілер белсене қатысты. Кәсіподақ белсенділерін құттықтауға мемлекеттік қызметтің, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері, серіктес ұйымдардың өкілдері, облыс қоғам қайраткерлері шақырылды. Олар еліміздің мемлекеттік қызмет жүйесінде қызмет атқарып жүрген, жергілікті жерлерде өздерінің негізгі қызметін адал атқарып, кәсіподақ қозғалысына шын берілген, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын кәсіподақ белсенділеріне алғыстарын білдірді.
Қостанай облысындағы салалық кәсіподақтың белсенді-мемлекеттік қызметкерлері Қостанай облысы кәсіподақтар орталығы төрағасы Аронова И.П. және салалық кәсіподақтың ҚОФ төрайымы Донбаева Г.Д. атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Мемлекеттік қызмет пен кәсіподақ қозғалысының ардагерлері: Фёдоров аудандық филиалының төрайымы Шашкова Зоя Андреевна, Қостанай аудандық филиалының төрайымы Шушарина Галина Александровна, Меңдіқара аудандық филиалының төрайымы Тимошова Надежда Васильевна және басқа да ардагерлер марапатталды.
Салалық кәсіподақтың ҚБК Құрмет грамоталары келесі азаматтарға табысталды: Қостанай облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мекебаева Әлия Есмұханқызына, әлеуметтік серіктес – «Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы №1» КММ директоры Молдашева Бағыт Кіндербайқызына.
Облыстық филиал төрайымы Донбаева Г.Д. өз сөзінде:
«Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік жүйенің ең маңызды элементтерінің бірі. Ол мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Сіздер, кәсіподақ белсенділері-мемлекеттік қызметшілер, бар күш-қуаттарыңызды аямай, салалық кәсіподақтың беделін арттыру мен кәсіподақ қозғалысының ауқымын кеңейту жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Салалық кәсіподақ сіздердің еңбекқорлықтарыңызға, төзімділіктеріңізге, таңдаған істеріңізге деген адалдықтарыңыз бен беріктіктеріңізге шексіз алғыс білдіреді», – деп атап өтті.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!