Мемлекеттік қызметшілер күнімен !

Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – ел мүддесіне адал қызмет етіп жүрген Сіздерге деген құрметтің белгісі. Мемлекеттік қызмет – бұл жан-жақты білімді, шынайы төзімділік пен сабырлылықты қажет ететін абыройлы міндет. Сіздердің әр күнгі еңбектеріңіз – халықтың өмір сапасын жақсартуға, ел дамуына бағытталған маңызды қадам.

Қоғамдағы оң өзгерістер, реформалардың орындалуы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы – бәрі де сіздердің тынымсыз еңбектеріңізбен тікелей байланысты. Сіздер халықтың әл-ауқатын арттырып, елдің ертеңін қалыптастырып келе жатқан нағыз ел жанашырларысыздар.

Мемлекеттік қызметкер болу – бұл тек лауазым иесі болу емес, бұл – халыққа адал қызмет ету жолындағы үлкен жауапкершілік пен биік борыш. Осы жолда еңбек етіп жүрген баршаңызды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, әрдайым ел сеніміне лайық бола берулеріңізге тілектестік білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қажырлы еңбектеріңізге мол табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін. Еліміздің игілігі жолындағы қызметтеріңіз әрқашан жемісті болсын!
Мерейлі мереке құтты болсын!

Құрметпен,
ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *