Мемлекеттік қызметшілер күнімен!
Қостанай облысының Кәсіподақтар орталығы
мемлекеттік қызмет ардагерлерін және қазіргі мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесі – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтайды!
Мемлекеттік қызметкердің еңбегі жан-жақты білімді, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Халықтың тағдыры мен сенімін арқалап, кәсібилікке үміт арту – аса мәртебелі міндет. Адамдарға қызмет етуден асқан құрметті кәсіп жоқ.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, кәсіби шабыт және Қазақстанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізге жаңа табыстар тілейміз!
Құрметпен,
АКБ «Қостанай облысының Кәсіподақтар орталығы»
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!