ҚР ҚӘСІПОДАҚТАР  ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ  XXVII  СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТЫ ТУРАЛЫ  СӨЗ  

 

 

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР…

 

ЖҰМАБЕКОВА ЗАУРЕ ЕРТАЕВНА – ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Кеңесінің мүшесі, осы кәсіподақтың Атқарушы комитетінің мүшесі, әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның мүшесі, ҚР кәсіподақтар федерациясының тексеру комиссиясының мүшесі. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Республикалық салалық кәсіподағы атынан XXVII съездің делегаты.

Кәсіподақтар саласындағы жалпы еңбек өтілі – 31 жыл.

Зауре Ертаевна еңбек жолын 1981 жылы ауыл шаруашылығы кәсіподағының Қамысты аудандық комитетінде әдіскер болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік еңбек инспекциясында қызмет атқарған. 2015 жылы Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы филиалының төрайымы болып сайланды.

Зауре Жұмабекова басқаратын филиалдың негізгі бағыттарының бірі – кәсіподақтардың жүйелі ұйымдастыру жұмысын жетілдіру. атқарушы комитеттің көшпелі отырыстарын өткізу тәжірибеге енген, бұл өндірістік үдерістермен және еңбек адамдарының жұмыс жағдайымен тікелей танысуға мүмкіндік береді. Зауре Ертаевна кәсіподақ активін барлық деңгейде оқытуға ерекше көңіл бөледі.

Облыстық үшжақты әлеуметтік әріптестік комиссиясының және жер комиссиясының мүшесі ретінде Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Зауре Ертаевна кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қолдаудың негізгі құжаты – ұжымдық шартқа айрықша мән береді.

Ол – өзінің әріптестерінің мұң-мұқтажын терең түсінетін, әрқашан көмек қолын созуға дайын, нағыз кәсіподақ көшбасшысы.

Көп жылғы адал еңбегі үшін Зауре Ертаевна ҚР кәсіподақтар федерациясының келесі медальдарымен марапатталған: «Қазақстан кәсіподақ қозғалысының сіңірген еңбегі үшін», «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін», Сонымен қатар, ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының және ҚР ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *