Заң клиникасы
Заң кеңесі: Іссапар шығындарын жұмыс беруші не төлеуге міндетті?
Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасы филиалына бір қызметкер мынадай сұрақпен жүгінді:
«Қызметкер іссапарға жіберілді. Қандай шығындарды жұмыс беруші төлеуі тиіс?»
Қызметкерлерді іссапарға жіберудің шарттары мен мерзімдері еңбек шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-бабына сәйкес, қызметкерді қызметтік іссапарға жіберу кезінде жұмыс беруші мыналарды төлеуге міндетті:
Іссапарда болған күнтізбелік күндерге, соның ішінде жолда жүрген уақытқа тәуліктік төлемдер;
Бару және қайту жол шығындары;
Тұратын тұрғын үйді жалдау шығындары.
Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және іссапарға сәйкес келетін жұмыс күндеріне еңбекақысы сақталады.
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді, жүкті әйелдерді және мүгедектігі бар қызметкерлерді іссапарға жіберуге, егер мұндай жұмыс оларға медициналық көрсеткіштерге сәйкес тыйым салынбаған болса ғана жол беріледі. Бұл ретте аталған қызметкерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.
Сондай-ақ, үш жасқа дейінгі балалары бар қызметкерлер, отбасы мүшелерінің науқастығына байланысты күтім жасайтын немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлер, егер медициналық қорытынды негізінде отбасы мүшелеріне немесе балаларға тұрақты күтім қажет болса, іссапардан бас тартуға құқылы.
Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасы филиалы
Тел.: 54-23-18
Қостанай қаласы, Байтурсынов көшесі, 67, 333-кабинет.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!