Зейнеткерлікке қоштасу
Орталық аудандық кітапхананың оқу залында балалар оқу залының кітапханашысы – Кубляк Светлана Николаевнаны зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті.
Қазақстан мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрайымы Күлжанова Светлана Темеркановна Светлана Николаевнаға салаға сіңірген көпжылдық адал еңбегі мен берілгендігі үшін «Еңбек даңқы» медалін табыстады.
Құттықтау сөздерін Сарыкөл ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы – Шуленов Нұрсұлтан Жұмаділович, сондай-ақ қоғам қайраткері, өлкетанушы, Сарыкөл ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүтпаев Солдат Молбақович жолдады.
Мерекелік шараны кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен өткен музыкалық нөмірлер көркейте түсті. Іс-шара достық дастарханы – шай үстіндегі жылы жүздесумен аяқталды.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!