Еңбек адамы

 

 

 

Мұханбетжанова Айгерім Дастанқызы – Қ. Абенов атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері, әнші, актриса.

Жас маман Айгерім еңбек қызметін өнермен және қоғамдық істермен шебер ұштастыра біледі. Төрт жыл бұрын кәсіподақ қатарына кіріп, содан бері оның белсенді мүшесі болып келеді.

Айгерім әріптестерімен бірге түрлі іс-шаралар мен байқаулар ұйымдастырады. Өз ісіне шын берілген жас маманның жетістіктері де аз емес. Ол – халықаралық және облыстық өнер байқауларының жеңімпазы. Қазірдің өзінде оның шығармашылығына көрермендер тәнті, ал оның қатысуымен өтетін шаралар көпшілік арасында жоғары сұранысқа ие.

Айгерімді әріптестері оның мейірімділігі, жауапкершілігі мен мамандығына деген талапшылдығы үшін ерекше қадірлейді.

Керемет жан, бақытты әйел, екі тамаша қыздың анасы – бәріне де біздің Айгерім Дастанқызының шамасы жетеді.

Оған шығармашылық шабыт, жұмысына сәттілік пен зор табыс тілейміз!

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *