ҚРКФ-НЫҢ XXVII  СЪЕЗІНІҢ  ДЕЛЕГАТЫ ТУРАЛЫ СӨЗ

 

 

 

Танысыңыздар…

 

Қазыбаев Ерасыл Манасұлы – Қостанай облысы Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар ісі жөніндегі кеңестің төрағасы,

Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының Қостанай ауданы Білім бөліміне қарасты «Заречный жалпы білім беретін мектебі №1» КММ-де тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 

Ерасыл Қостанай облысы Наурызым ауданы Қарамеңді ауылында дүниеге келген. Артында жоғары оқу орнында алған білімі мен ҚР Қарулы күштеріндегі әскери қызметі бар. Қазіргі таңда ол 8 жылдан астам уақыт бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі әрі тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары ретінде мектепте үлкен жауапкершілікпен еңбек етіп келеді.

 

Координатор және әдіскер ретінде Ерасыл өз ісіне ерекше жауапкершілікпен қарап, бар күш-жігерін балалармен жұмысқа арнап келеді. Ол вожаттық қызметті үйлестіріп, жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысын ұйымдастырады. Ата-аналар мен педагогикалық ұжым Ерасылға сенім артады.

 

2024 жылдың ақпан айынан бастап Ерасыл Қостанай облысы Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл қызметте ол жоғары ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілетін көрсете отырып, өңірдегі жастар саясатының дамуына елеулі үлес қосып жүр. Жас бола тұра, Ерасыл бастауыш кәсіподақ ұйымының жас мүшелеріне тәлімгер бола білді. Оның жетекшілігімен жастарды қолдауға, азаматтық көзқарас пен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік және білім беру жобалары табысты жүзеге асырылды.

 

Мейірімді ұл, қамқор немере ретінде Ерасыл жақындарына ерекше құрметпен қарайды. Бұл оның жауапты, сенімді, кез келген жағдайға дайын тұратын адам екенін тағы бір мәрте дәлелдейді

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *