ҚРКФ-НЫҢ XXVII  СЪЕЗІНІҢ  ДЕЛЕГАТЫ ТУРАЛЫ СӨЗ

 

 

 

Танысыңыздар…

Булгацевич Татьяна Борисовна – «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрайымы, Қостанай облыстық мәслихатындағы «Еңбек» депутаттық тобының мүшесі. Жалпы еңбек өтілі – 45 жыл.

Татьяна Булгацевич – тек Қостанай өңірінде ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша танымал және құрметке ие тұлға. Оның 38 жылдан астам өмірі медицинаға арналған. Акушер-гинеколог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде аккредитациядан өткен тәуелсіз медициналық сарапшы ретінде де белсенді жұмыс атқарып келеді. Ол жұмыс топтарының жұмысына, оның ішінде Мәжіліс деңгейінде де қатысып, медицина қызметкерлерінің жағдайын жақсарту, өндірістік үдерістер мен көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізіп жүр.

Татьяна Борисовна соңғы жеті жылдан астам уақыт бойы салалық кәсіподақ филиалының басшысы қызметін атқарып келеді. Қай салада еңбек етпесін, ол әрқашан медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау жолында болды. Оның тікелей қатысуымен келесі маңызды жобалар жүзеге асты: медицина қызметкерлерінің қызмет саласына «біліктілік деңгейлері (санаттары)» ұғымын қайта енгізу – бұл тек салалық келісімдерде ғана емес, нормативтік-құқықтық актілерде де бекітілді; зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін кейбір медицина қызметкерлері үшін зейнет жасын төмендету мәселесі шешілді.

Татьяна Борисовна бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен әрдайым тығыз байланыста, әрдайым қиын сұрақтарды түсіндіре алатын, дұрыс бағыт-бағдар бере алатын жан. Ол әріптестері арасында жоғары сенімге ие.

Татьяна Борисовна – 2018 жылғы «Денсаулық сақтау жүйесінің үздігі» республикалық байқауының «Үздік денсаулық сақтау менеджері» номинациясы бойынша жеңімпазы, «Халық сүйіктісі» сыйлығының «Кәсіподақтың жаңа келбеті» номинациясы бойынша лауреаты. Денсаулық сақтау министрлігі, салалық кәсіподақ және ҚР Кәсіподақтар федерациясы тарапынан саланың дамуына қосқан үлесі үшін көптеген грамоталармен және медальдармен марапатталған.

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *