ҚРКФ-ның XXVII съезінің делегаты туралы сөз

 

 

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗ…

 

Камбаров Хайдар Жабықбаевич – «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қостанай облыстық филиалының төрағасы.

 

Хайдар Жабықбаевич Қостанай облысы, Денисов ауылында дүниеге келген. Рудный индустриалдық институтын «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған соң, еңбек жолын құрылыс ұйымында шебер болып бастап, өндірістік-техникалық бөлімнің инженері, аға прораб қызметтерін атқарған. Өз ісіне жауапты, кәсіби маман ретінде ол бірден мемлекеттік қызметке ұсынылып, табандылығының арқасында Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына дейін көтерілді.

 

Оның бүкіл еңбек жолы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласымен, халықтың жайлы өмір сүру жағдайларын жасаумен тығыз байланысты. Оның басшылығымен Қостанай облысында көптеген елді мекендер газдандырылды. Қалалар мен ауылдарды жылу және ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүздеген нысан салынды және қайта жөнделді.

 

2018 жылы Хайдар Жабықбаевич «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ұйымының төрағасы болып сайланды. Филиалдың барлық жұмысы еңбек ұжымдарында қолайлы микроклимат қалыптастыруға, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға, жұмыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өндірістік жарақаттардың алдын алуға, кәсіподақ жұмысын жетілдіруге, кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыруға бағытталған.

 

Хайдар Жабықбаевич ұжымдық шарт жасауға, кәсіби ауруларды анықтау мен емдеуге, сондай-ақ кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге ерекше назар аударады.

 

Еңбек ардагері – Хайдар Жабықбаевич Камбаров Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалімен, «Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері», «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *