ҚРКФ-ның XXVII съезінің делегаты туралы сөз  

 

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗ…

 

МИХАИЛ АЛЕКСАНДРОВИЧ ЛИТОШЕНКО – «QAZAQMETAL KASIPODAGY» Қазақстан салалық тау-кен металлургия кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық ұйымы» филиалының төрағасы, Салалық кәсіподақтың орталық кеңесі мен атқару комитетінің мүшесі. Кәсіподақ ұйымдарындағы жалпы еңбек өтілі – 41 жыл.

 

Михаил Александрович еңбек жолын 1978 жылы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінде жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь болып бастады, кейін «Уралдомнаремонт» тресінде механикалық монтаж жұмыстарының шебері, кейін прораб қызметтерін атқарды. Оның басшылығымен еңбек ұжымдары саланың өндірістік алаңдарында өндірістік тапсырмаларды мерзімінен бұрын және сапалы орындады. Осы кезеңде Михаил Александрович өзін тәжірибелі ұтымды ұсыныстар енгізуші ретінде көрсете білді – ол ұсынып, сәтті жүзеге асырған 30-дан астам ұсыныс өз тиімділігін дәлелдеді.

 

1984 жылы Михаил Александрович «Уралдомнаремонт» тресінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметіне ұсынылды. Ал 1995 жылы ол «QAZAQMETAL KASIPODAGY» Қостанай облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.

 

Жалпы, Михаил Александровичтің қызметі кәсіподақ жұмысын нығайтуға және еңбеккерлердің мүдделерін қорғауға бағытталған. Ол кәсіподақтың түрлі құрылымдарымен белсенді байланыс орнатып, кәсіподақ қозғалысын дамытып, кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауға және оларды іске асыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар, ол кәсіподақ белсенділерін оқытып, ұжымдық шарттар жасасуда практикалық көмек көрсетеді және еңбек заңнамасының, соның ішінде еңбекті қорғау мәселелерінің сақталуын қадағалайды. «ССГПО» АҚ-ның ұжымдық шарты Қазақстан Республикасында және Орталық Азия елдері арасында үздік деп танылған.

 

Кәсіподақ қозғалысының ардагері – Михаил Александрович кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «QAZAQMETAL KASIPODAGY» салалық кәсіподағының құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *