2026 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КҮШІНЕ ЕНДІ

Жалақы мөлшеріне, әлеуметтік төлемдерге, зейнетақыларға, айыппұлдар мен өзге де міндетті төлемдердің көлеміне тікелей әсер ететін негізгі есептік көрсеткіштер жаңартылды.
2026 жылға арналған есептік көрсеткіштер:
Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) — 85 000 теңге
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 4 325 теңге
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 35 596 теңге
Ең төменгі зейнетақы мөлшері — 69 049 теңге
Күнкөріс минимумы — 50 851 теңге
Білу маңызды:
Егер қызметкер жұмыс уақытының белгіленген нормасын толық орындаса
(күніне 8 сағат, аптасына 5 күн),
оның жалақысы ең төменгі жалақы мөлшерінен — 85 000 теңгеден төмен болмауы тиіс.
Ең төменгі жалақы:
кепілдендірілген ең төменгі мөлшер болып табылады;
сыйақыларды, үстемақыларды, өтемақы және әлеуметтік төлемдерді қамтымайды;
нақты жұмыс істелген уақытқа пропорционалды түрде төленеді.
Еңбек құқықтары бұзылған жағдайда кәсіподақ қызметкердің мүддесін білдіруге және қорғауға, соның ішінде құқықтық көмек көрсетуге құқылы.
ҚРКФ Қостанай облыстық филиалы Заң клиникасы
тел.: 8 (7142) 54-23-18
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *