БІЗ ПЕДАГОГТАРЫМЫЗБЕН МАҚТАНАМЫЗ!

«Қорғау» білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ ұйымы Қостанай қаласының педагогтарын — кәсіподақ мүшелерін республикалық деңгейде өңір намысын лайықты қорғағандары үшін құттықтайды.
2026 жылғы 8–9 қаңтар күндері Сүлеймен Демирел университетінде (Қаскелең қ., Алматы облысы) еліміздің үздік педагогтарын біріктірген «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша:
Лёвина Кристина Сергеевна, ҚМУ «№19 орта мектептің» тарих пәні мұғалімі, «Шеберлік палитрасы» секциясында 19 қатысушының арасынан 1-орынды иеленіп, оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған «Тарихи үзілістер» атты авторлық әзірлемесін ұсынды.
Досымова Замзагүл Мұратбекқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ҚМУ «С. Мәуленов атындағы гимназияның» педагог-шебері, «Шеберлік палитрасы» номинациясында «Оқырмандық сауаттылықтың жаңа формуласы: ЖИ мен құндылықтардың синергиясы» атты педагогикалық идеясы үшін III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Педагогтарды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыс, шабыт, жаңа идеялар мен кәсіби жеңістер тілейміз!
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *