МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАЛУЫ ЖӘНЕ КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ РӨЛІ ТУРАЛЫ: «КӨКЕЙТЕСТІ СҰХБАТ» ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ

2026 жылғы 27 қаңтарда «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының төрайымы Гүлнара Донбаева Қостанай облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Сүндіковпен «АЛАУ» облыстық телерадиокомпаниясының «Көкейтесті сұхбат» телебағдарламасына қатысты,бағдарлама барысында әлеуметтік әріптестіктің өзекті мәселелері, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуы, сондай-ақ Ұлттық құрылтайда қабылданған шешімдер мен 2026 жылғы 5 қаңтарда «Түркістан» газетінде жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сұхбаты талқыланды.
Салалық кәсіподақтың Қостанай облыстық филиалының төрайымы «Қызмет» кәсіподағының мүшелері Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұсынған, жасанды интеллект дәуірінде еңбек адамының құқығын қорғаудың ұлттық стандартын әзірлеу бастамасын толық қолдайтынын атап өтті.
Өз сөзінде Гүлнара Далибаевна кәсіподақ қызметі туралы жан-жақты баяндап, жұмыстың басым бағыттарын және еңбек құқықтарын қорғауға, қызметкерлердің мүдделерін жұмыс берушілер алдында танытуға, ұжымдық шарттар арқылы шешім қабылдау үдерісіне қатысуға, сондай-ақ еңбек ұжымдары мүшелеріне құқықтық көмекпен әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған алдағы жоспарларды атап өтті.
Қорытындылай келе, еңбек адамы лайықты әрі бақытты өмір сүруге, өз еңбегінің қадірін сезінуге және ортақ игілікке қосқан үлесі үшін мойындалуға әбден лайық екені айтылып, кәсіподақ еңбеккерлердің құқықтарын қорғауда сенімді тірек болып қала беретіні ерекше атап өтілді.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *